Мемлекеттік кірістер комитеті салық түсімін 7 трлн-нан 17,7 трлн теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Осының есебінен жалпы ішкі өнімдегі салықтың үлесі 15-тен 25 пайызға артпақ. Бұл 2025 жылға дейін орындалуы тиіс міндет болып отыр. Осы жайында бүгін "Мемлекет және бизнес әріптесік" тақырыбында өткен форумда мәлім болды.
Мақсатты орындау үшін, салық бойынша кеңесті көбейтіп, кәсіпкерлермен байланыс орнатып, қызметтерді жеңілдету қарастырылуда. Ал, бизнесмендер тарапынан салықтық әкімшілікке қатысты ақпараттың ашықтығы сұралады.
Жамбыл Сұрағанов, ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті департаменті директорының міндетін атқарушы: "Көлеңкелі экономикан қысқарту, бір. Екіншіден салық төлеп отырған салықшылардың санын көбейту. Мысалы 2014 жылы салықтан жалтарып жатқан жоғары тәуекелді салық төлеушінің саны 22 пайыз болса, осы жылы ол 13 пайызға түсіп отыр. Яғни салық төлеушінің саны артып жатыр. Сол пайызды 2-3 ке дейін жеткізсек, онда салықтың мөлшері артады. ВВП ның ішінде салықтың үлесі көбейеді".