"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4-6 қыркүйек аралығында ел аумағында қандай ауа райы күтілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәселен, елордада үш күнде де жаңбыр жауады. Алматыда 6 қыркүйекте ауа райы қолайсыз болады.
4 қыркүйек: көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 12-14 градус жылы. 5 қыркүйек: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 9-11 градус жылы. 6 қыркүйек: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 9-11 градус жылы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу