Алдағы үш күнде Астанада күн қапырық болады

1029

Алдағы үш күнде Астанада күн қапырық болады

Синоптиктер қалада алда үш күн бойы күн ыстық болатынын болжауда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

2 шілдеде Астанада көшпелі бұлт, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, тұман. Жел солтүстіктен 9-14 м/с соғады. Түнде температура +15…+17°С, күндіз +28…+30°С болады.

3 шілдеде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 5-10 м/с. Температура түнде +15…+17°С, күндіз +26…+28°С.

Сәрсенбі 4 шілде күні көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Температура түнде +12…+14°С, күндіз +26…+28°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу