Алдағы үш күнде Астанада жауын-шашын болады

876

Алдағы үш күнде Астанада жауын-шашын болады

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде Астанада жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 20 м/с жетеді, кей жерлерде найзағай ойнайды. 

Бүгін Астанада күн құбылмалы, күндіз аздаған жауын-шашын болады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 20 м. Ауа қысымы түнде +11+13°С, күндіз +22+24°С.

9 маусым ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 м.жел еседі. Ауа қысымы+18+20°С. 

10 маусым күні де күн райы осындай болады деп күтілуде. Синоптиктер күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін деген болжам жасайды. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 20 м. Ауа қысымы +20 °С болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу