Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

163

Бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанып отыр. 

Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады? Фото: canva.com

"Қазгидромет" РМК алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігі циклонның ықпалында болатынын хабарлады. Сонымен қатар көп аймақта жаңбыр жауады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

16-17 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, 7-18 шілдеде солтүстік-батыста, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің шығыс аймағында да жауын-шашын күтіледі. Бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжанып отыр. 

Республиканың батысында күндізгі ауа температурасы +25 +36°С, солтүстік-батысында +25+30°C болады деп күтілуде. 

Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +27+37°С, оңтүстік-шығысында +25+35°С, солтүстікте, орталықта +21+30°С, шығысында +23+32°С дейін төмендейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу