Алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады - синоптиктер

417

Синоптиктер Қазақстандағы 2023 жылғы 2-4 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы болады - синоптиктер Фото: baq.kz

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, кең ауқымды солтүстік антициклон еліміздің солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарының ауа райына әсер ететіндіктен, бұл өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады, түнде үсік жүреді.

"Республиканың шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс облыстарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен құбылмалы ауа райы болжанады – жауын-шашын түсіп, батыста – жаңбыр, кей кезде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Шығыста – жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады", делінген хабарламада.

Елімізде жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу