Алдағы үш күнде ел аумағында жауын-шашын, көктайғақ күтіледі

329

"Қазгидромет" РМҚ 2-4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы үш күнде ел аумағында жауын-шашын, көктайғақ күтіледі Фото: Sputnik / Денис Тырин

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік циклон ойпырының ықпалымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болжанады, 2-3 қазан күндері республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі. Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі.

Батыс аймақтарда ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: түнде 2-13 дейін жылынса, күндіз 20-25 жылынады. 

Республиканың солтүстік-батысында түнде 1-9 аяз, күндіз  5-20-дан 10-23 жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі.

Солтүстік аймақтарда түнде 7 градус аяздан 3 градусқа дейін төмендесе, күндіз негізінен 3-13 жылы болуы ықтимал.

Орталықта түнде 8 градус аяздан 2 градусқа дейін төмендесе, күндіз негізінен 5-18 жылы болады.

Оңтүстік аймақтарда ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: түнде 2-10 жылы, күндіз 15-25 жылы. Қалған аумақтарда температуралық фонға елеулі өзгерістер әсер етуі мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу