Қазгидромет 24-26 қазан күндеріндегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, 24 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күтілуде. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", — делінген Қазгидромет хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу