Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болады

272

Республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болады Фото: Almaty.tv

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылғы 15, 16 және 17 тамызға арналған республика бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы төмендейді деп күтілсе, оңтүстігінде аптап ыстығы басылмайтынын баса айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 15-17 тамызда солтүстік-батыста және солтүстікте, 16 тамызда орталықта, 17 тамызда Қазақстанның шығысында қатты жаңбыр жауады", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде.

Сондай-ақ еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі күтілуде: күндіз республиканың батысында +18+28, солтүстік-батыста +15+26, солтүстікте +18+23 градусқа дейін.

"Тек елдің шығысында және оңтүстік-шығысында күндіз +35+38 градус ыстық сақталады, 15 тамызда еліміздің оңтүстігінде +41 градус, ал орталықта қатты ыстық сақталады. Елде +35 градус ыстық болады деп күтілуде", делінген Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу