Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, жел тұруы мүмкін

1492

5-7 тамыз күндері республиканың солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, қатты жел және жаңбыр болжанады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, жел тұруы мүмкін

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің батысында термометр бағандары түнгі уақытта 15-25 градус жылыны, солтүстігінде 10-20 градус жылыны көрсетеді.

Күндізгі уақытта ауа температурасы батыста 27-35 градусқа дейін, солтүстікте 23-30 градусқа дейін төмендейді.

Шығыста және орталықта ауа температурасы түнде 10-20 градус, күндіз 25-35 градус аралығында болады.

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында ыстық, құрғақ ауа райы сақталады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді. Алдағы күндері ауа температурасы түнде 20-28 градус, күндіз 32-42 градус болмақ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу