Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

3138

Елде тұман түсіп, жел күшейеді.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер 22-24 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

"Солтүстік және шығыс өңірлерде боран соғып, қар жауады. Республиканың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деген болжам бар", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ 23-24 наурызда елдің батысы солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады.

"Мұнда жауын-шашын жаумайды. Елде тұман түсіп, жел күшейеді. Қазақстанның шығысында, солтүстігінде және орталығында түнде ауа температурасы минус 5-13 градустан 10-18 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы минус 0-8 градус болады. Республиканың оңтүстігінде ауа температурасы түнде 0-8 градус, күндіз 2-10 градус жылы болады деген болжам бар", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу