Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

637

Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтілуде.

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды Фото: Inbusiness.kz

Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның билігінде болады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста болады деп күтілуде.

Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтілуде.

Кезеңнің соңына қарай еліміздің батысында ауа температурасының 2-12 аязға дейін төмендеуі күтіледі, республиканың шығысында түнде температураның 8-13 аяздан 0-5 жылуға дейін көтерілуі күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу