Алдағы үш тәулікте күн суытады

792

Алдағы үш тәулікте күн суытады

Ресейден келе жатқан антициклонның әсерінен алдағы 3 тәулікте күн суытады, деп хабарлайды 24.kz.
Еліміздің басым өңірлерінде қар жауып, бұрқасын соғады. Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік және шығыс аймақтарда ақ ұлпа түседі. Ал еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады.

"Ауа температурасының төмендеуі ұзаққа созылмайды", – дейді синоптиктер.
"Астана қаласы бойынша 1 наурыз күні түнде аздаған қар жауады. Түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Түнгі ауа температурасы – 23-25, күндіз 15-13 градус суық болады. Ал 2 наурыз күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Түнгі ауа температурасы – 23-27 градус, күндіз 12-14 градус суық болады. Ал 3 наурыз күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнгі ауа температурасы 22-24, күндіз 10-12 градус суық болады", - дейді "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Айдана Абықан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу