Алдағы үш жылда Алматыны дамытуға қанша қаржы жұмсалады

1337

Оңтүстік астанаға бөлінген бюджет Нұр-Сұлтанды дамытуға бағытталған сомадан асып кетті.

Алдағы үш жылда Алматыны дамытуға қанша қаржы жұмсалады

2019-2021 жылдары Алматыны көркейту үшін  98,7 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы қаланың үшжылдық бюджетінде айтылған.

Оған сәйкес 2019 жылы дамыту мен көркейту, көгалдандыруға 34,2 млрд теңге бағытталған. 2020 жылы бұл сома 33,5 млрд, 2021 жылы 31 млрд теңгені құрайды.   

Бұдан бөлек үш жыл бойы көшелерді жарықтандыруға 4 млрд теңге жұмсалады. Оның ішінде 1,2 млрд – 2019 жылы, 1,3 млрд – 2020 жылы, 1,4 млрд – 2021 жылы.

Өнеркәсіп, сәулет пен қала құрылысына 5,7 млрд теңге бөлінеді. Бұдан бөлек қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін үш жылға  1,7  млрд теңге бағытталмақ.

Оған қоса, жобалау, құрылыс, коммуналдық тұрғын үй қорын қайта қалыпына келтіру үшін үш жылға 13,3 млрд теңге бекітілген. Бұл қаражаттың 12 млрд теңгесі 2019 жылы жұмсалады.  Сондай-ақ биыл тұрғын үй сатып алу үшін 9,1 млрд теңге қарастырылған.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласын дамыту үшін 2019-2021 жылдары 16,4 млрд теңге бөлінген. Оның 9,9 млрд теңгесі 2019 жылы, 3,2 млрд 2020 жылы, 3,3 млрд 2021 жылы жұмсалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу