Алдағы жексенбіде Астанада Қар күні атап өтіледі

1237

Қар күніне орайластырылған шара Ботаникалық бақ аумағында өтеді. Бағдарламада 18 жасқа дейінгі балалар арасында шаңғы жарысы, көңілді старттар, балалар байқаулары және ойын-сауықтар қарастырылған.

Алдағы жексенбіде Астанада Қар күні атап өтіледі

Астанада жексенбі күні халықаралық қар күні атап өтіледі, деп хабарлайды мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі. 

​Аталмыш мереке жыл сайын Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) бастамасымен әлемнің 40-тан астам мемлекетінде қаңтар айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Мерекенің мақсаты – халықты, оның ішінде, балаларды қысқы спорт түрлеріне баулу.

Астанада Қар күніне орайластырылған шара Ботаникалық бақ аумағында өтеді. Бағдарламада 18 жасқа дейінгі балалар арасында шаңғы жарысы, көңілді старттар, балалар байқаулары және ойын-сауықтар қарастырылған.

Қатысушылар жеке куәліктері арқылы тіркеледі. Шара өтетін аумақта шаңғыны жалға беру пункті жұмыс істейді. Жарысқа шаңғы тебе білетіндердің барлығы қатыса алады.

Айта кетейік, Астанада Халықаралық қар күні 2013 жылдан бері жыл сайын атап өтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу