Мәселен, мемлекеттік мерекелерден 1 желтоқсанда атап өтілетін Тұңғыш Президент күні алынып тасталды. Енді бұл жұмыс күні болып саналады.
Биылдан бастап Тәуелсіздік күні тек бір күн - 16 желтоқсанда атап өтіледі.
Осылайша, желтоқсан айында қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне байланысты келесідей демалады:
- бес күндік жұмыс аптасында - 16, 17, 18 желтоқсан (жұма, сенбі, жексенбі);
- алты күндік жұмыс аптасында - 16, 18 желтоқсан (жұма, жексенбі).
Желтоқсан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында бес демалыс күні бар.
Биылғы жаңа жыл сенбіге (31 желтоқсан) және жексенбіге (1 қаңтар) келеді. Бұл күндері де қазақстандықтар жұмыс істемейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу