Алдағы жылдары ұялы телефондар адам санынан екі есе асады

447

Технология әлеміндегі дүмпу.

Алдағы жылдары ұялы телефондар адам санынан екі есе асады Фото: Ашық дереккөзден

Алдағы жылдары ұялы телефондар адам санынан екі есе асып кетуі мүмкін. Сарапшылар 2025 жылы смартфондар саны 18 млдр-қа жетуі мүмкін дейді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.

Соңғы  деректер бойынша, әлемде жылына 1,5 млрд смартфон сатылады. Бірақ оның тек 20 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі. Бір қызығы, смартфондардан бөлінетін зиянды қалдықтардың 75 пайызы оларды өндіру кезінде шығады.  Қазір әлем бойынша  электр қалдықтарының көлемі шамадан асып кеткен дейді нидерландық мамандар.

Айта кетерлігі, электронды қалдықтар нашар өңделеді. Жиналған қалдықтардың 20 пайызынан ғана жарамды минералдар шығаруға болады. Мамандар қалғанын өртейміз немесе полигондарға жібереміз, дейді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу