Алдағы жылы 37 мыңнан астам адамға арнайы төлемдер тағайындалады

Төлемдер сомасы 208 мың теңгеден басталады. 

Алдағы жылы 37 мыңнан астам адамға арнайы төлемдер тағайындалады Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі hr.enbek.kz сайтын әзірледі. Оның сілтемесі еңбек жағдайлары зиянды кәсіпорындарға жіберілді. Төлемге үміткер осы сайтқа кіріп, өзінің ЖСН арқылы тіркеліп, қажетті ақпаратты ала алады. Төлемдер сомасы 208 мың теңгеден басталады", – деді министр.

Сондай-ақ, ол төлем тағайындалмайтын  жағдайларды түсіндірді.

"Міндетті талап – еңбек шартының бұзылуы. Тек осы жағдайда ғана жүйе үміткердің өтінішін қабылдамайды", – деп қосты спикер.

Министрдің айтуынша, осы талаптарға  сай келетін 37 мың адам төлемге өтініш бере алады. Қосымша келісім бойынша, төлем алушы өзінің бұрынғы өндірісінде тәлімгер бола алады немесе "Күміс жас" сынды әлеуметтік органдардың бірқатар бағдарламасына қатыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу