Алдағы жылы елордада 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

762

Тұрғын үй бағдарламаларына қолжетімділікті арттыру бойынша да жұмыстар жүргізілуде.  

Алдағы жылы елордада 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

2022 жылы Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік пәтер салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2022 жылы кемінде 10 мың әлеуметтік пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Аудандар "Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспарының тұжырымдамасына сәйкес дамып жатыр. Оған сәйкес әлеуметтік нысандар жақын маңайға салынады... 2020 жылы 7 мың әлеуметтік пәтер салынды. Биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға жеткіземіз. Келесі жылы да осындай көлемде пәтер саламыз", – деп жазды елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында.

Ол қалада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтумен қатар, тұрғын үй бағдарламаларын жетілдіру бойынша да жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Қатысушылар санатын едәуір кеңейттік, тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық", – деп жазды Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу