Алдағы жылы сұйытылған газ толық электронды түрде сатылады

1164

2022 жылы қаңтарда сұйытылған мұнай газын (СМГ) сату электронды сауда-саттыққа толық көшеді. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алдағы жылы сұйытылған газ толық электронды түрде сатылады

Ол үшін "Газ және газбен жабдықтау туралы" заңға түзетулер енгізілген.

"Осы түзетулер аясында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен сұйытылған мұнай газын 2021 жылдың соңына дейін СМГ-ны өткізудің жалпы көлемін 80%-ға дейін электронды сауда-саттыққа көшіру үшін график келісілді", - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осы орайда Жұмабай Қарағаев 2022 жылы қаңтарда сұйытылған мұнай газын (СМГ) сату электронды сауда-саттыққа толық көшетінін атап өтті.

2021 жылғы шілдеде СМГ көлемінің 50% тауар биржалары арқылы сатылған.

Сонымен қатар алдағы жылы 1 қаңтардан бастап әкімшілік кедергілерді азайту үшін газ желісі ұйымдарын аккредиттеу институтын жою көзделіп отыр.

Вице-министрдің айтуынша, электронды сауда-саттыққа көшу саланың инвестициялық тартымдылығын арттырып, ТМД-да экономикалық негізделген баға белгілеуді қалыптастырады. Ал бұл өндіруші зауыттарды жаңғыртуға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу