Алдарыңызға жалғыз шықтым – Зағипа Балиева журналистерден қашпайтынын айтты

1000

Алдарыңызға жалғыз шықтым – Зағипа Балиева журналистерден қашпайтынын айтты

Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева не үшін талқыға көп түсіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Today.kz.

"Нашар пікірдің бәрі неге дәл маған жауып жатқанын білесіздер ме? Меніңше, барлық мемлекеттік орган сіздермен кездесіп, әркім өзінің міндетіне сәйкес сұрақтарға жауап берулері керек еді. Сіздерде сұрақ көп, мен шығып едім, бәрі маған бағытталды. Мен тек өз сұрағыммен ғана шықтым, өйткені мен үнемі ашықпын, журналистердің бетін ешқашан қайтарған емеспін", – деді ол. 

Омбудсмен ҚР БҒМ өкілдерінің журналистермен кездесуге не үшін келмегендерін түсіндірді. 

"Білім министрлігінің өкілі білім министрлігінің вице-министрінің қасымда болғанын қалады, өйткені оның сұхбатынан кейін көп сұрақ туындады. Мен бұған жауап бере алмаймын, өйткені білмеймін. Өкінішке қарай, болған нәрсе болды. Мен бүгін сіздердің алдарыңызға жалғыз шықтым", – деді Балиева. 

Зағипа Балиева құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен сөйлесуге тырысқан. 

"Барлық мемлекеттік органның атынан жауап беріп отырғаным, кеше тергеуді осында шақырғым келген, бірақ қолданыстағы заңға сәйкес тергеу аяқталғанша олар еш жерге ақпарат бере алмайды. Тергеу аяқталған соң олар менің жанымда болады деп ойлаймын", – деді омбудсмен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу