Солтүстік теңіздерден ылғал және салқын ауаның түсуі жалғасатындықтан ауа райында өзгеріс күтілмейді. Қазақстанның көптеген облыстарының кей жерлерінде алдағы үш тәулікте найзағаймен жаңбыр және екпінді жел, сонымен қатар күндізгі сағаттарда бұршақ күтіледі.
Ауа температурасының қысқа мерзімге жоғарылауынан кейін қайта төмендеуі күтіледі, республикамыздың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады. Тек Маңғыстау облысында ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу