Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

203

Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.  

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото: Delfi

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның дерегінше, найзағай мен жаңбыр жауады, түнде елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек солтүстікте, елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа райы. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – дауыл, оңтүстік-шығыста – бұршақ, солтүстік-батыста, оңтүстікте, орталықта – тұман.

"Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай облысында 1-6 градус үсік сақталады, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында 3 градус үсік күтіледі", - деді Алина Исмагулова.

Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады. 6-7 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу