Алдағы күндері ел аумағы жауын-шашынды болады

135

Қазгидромет 7-9 сәуір күндеріндегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері ел аумағы жауын-шашынды болады Фото: inbusiness.kz

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстікте және солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Батыста және оңтүстікте кей уақыттарда нөсер болып, ал солтүстікте жауын-шашын мол түседі.

Республика бойынша жел күшейіп, батыста және оңтүстікте бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

Тек елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 3–15 градусқа дейін төмендейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу