Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады

128

Бұл туралы "Қазгидромет" РМҚ мәлім етті.

Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады Фото: stihi.ru

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады, соның салдарынан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, елдің солтүстік жартысында төменгі бұрқасын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің болжамынша, 13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Күндізгі ауа температурасы:

— Батыс өңірлерде +8…+18°С,

— Шығыста -5…+5°С,

— Оңтүстікте +10…+18°С,

— Солтүстік-батыста +2…+13°С-тен -5…-10°С-қа дейін төмендейді,

— Солтүстікте 0…+5°С-тен -2…-7°С-қа дейін,

— Орталықта 0…+8°С-тен -8…-3°С-қа дейін,

— Оңтүстік-шығыста +5…+15°С,

— Таулы аймақтарда 0…+5°С-тен -5…-10°С-қа дейін болады.

— Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады, соның салдарынан жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, елдің солтүстік жартысында төменгі бұрқасын болады. 13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, — делінген хабарламада.

Күндізгі ауа температурасы:

— Батыс өңірлерде +8…+18°С,

— Шығыста -5…+5°С,

— Оңтүстікте +10…+18°С,

— Солтүстік-батыста +2…+13°С-тен -5…-10°С-қа дейін төмендейді,

— Солтүстікте 0…+5°С-тен -2…-7°С-қа дейін,

— Орталықта 0…+8°С-тен -8…-3°С-қа дейін,

— Оңтүстік-шығыста +5…+15°С,

— Таулы аймақтарда 0…+5°С-тен -5…-10°С-қа дейін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу