Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

189

Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райын оңтүстік циклон қалыптастырады, онымен бірге қысқа мерзімді жауын-шашын сақталады.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы Фото: Pixabay.com

Республиканың солтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында ғана көбіне жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазгидромет РМК мәліметінше, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста, ал 13 шілде күні республиканың батысында кей кездері қатты жаңбыр жауады. 

Қазақстан бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және желдің күшеюі болжанып отыр. 

Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +20+35°С дейін төмендейді, қалған аумақта күрт өзгерістер болжанбаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу