"Алдымен су беріңдерші": Президентке өтініш айтқан баланың тілегі орындалды

494

Видео журналист Әділ Балтабаевтың әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды.  

"Алдымен су беріңдерші": Президентке өтініш айтқан баланың тілегі орындалды Фото: видео скриншот

Қарағанды ​​облысы, Нұра ауданы, Шахтер ауылындағы музыкант бала Николай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтінішін айтқан еді. Бала жақында Қарағанды облысына іс-сапармен барған Президенттен су ішуге арналға кулер сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мәдениет үйіне су ішетін кулер қойса екен", - дейді бала. 

Әлеуметтік желі қолданушылары баланың таза жүрегі мен арманына тәнті болды. 

"Алдымен су беріңдерші" деді ғой", "Жаным-ау, тәттісін-ай", "Коляның арманы орындалған шығар", "Бақытты болу үшін көп нәрсенің қажеті жоқ", "Баланың жүрегі таза ғой", "Халқын ойлап айтқаны", - деп жазған олар. 

Кейін журналист Әділ Балтабаев Николайдың арманы орындалғанын, Мәдениет үйіне кулер қойылғанын көрсетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу