"Алдымен зорлап, кейін өлтірген": Жетісу облысында 4 күн бойы іздеуде болған қыздың денесі табылды 


1536

Полиция аталған іс бойынша тергеу жүргізуде. 

"Алдымен зорлап, кейін өлтірген": Жетісу облысында 4 күн бойы іздеуде болған қыздың денесі табылды 
 Фото: freepik

Жетісу облысында ауылда 14 шілдеде хабар-ошарсыз жоғалған қыздың денесі бірнеше күннен кейін зорлық-зомбылық белгісімен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

20 жастағы қызды 14 шілдеден бері ешкім көрген жоқ. Оның денесі қараусыз қалған үйде зорлық-зомбылық белгісімен табылды.

Тергеу мәліметтері бойынша, ол алдымен зорланған. Содан кейін өлтірілген. Полиция осы іс бойынша тергеу жүргізуде.

"Кісі өлтіру және жыныстық қатынасқа итермелеу бойынша қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге деректер таратуға жатпайды", - деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті. 

 Іс аймақтық полиция басшылығының бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу