Алдын ала болжам бойынша, Стамбұлдағы шабуылдан Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ - СІМ

1054

Алдын ала болжам бойынша, Стамбұлдағы шабуылдан Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ - СІМ

Әзірге, алдын ала болжам бойынша, Стамбұлдағы түнгі клубта болған шабуылдан зардап шеккен отандастарымыз жоқ.  Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов телефон арқылы хабарлады, деп жазады "ҚазАқпарат" ХАА.

"Біздің дипломаттар жергілікті билікпен және құқық қорғау органдарымен ұдайы байланыста. Ақпарат әлі де тексерілуде", - деді Әнуар Жайнақов.

Бұдан бұрын мәлім етілгендей,  Reinа түнгі клубындағы шабуыл салдарынан 35 адам қаза тауып,  жараланғандар саны 40-қа жеткен еді. Бұл туралы Стамбұлда жүрген отандасымыз Нұрат Илияс жергілікті билік мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады. Санта Клаус костюмін киген екі ер адам  "Рейна" түнгі клубына басып кіріп, бейберекет оқ атқан. Олар шабуыл жасаған кезде ғимараттың ішінде 700-800 адам болған.

"2017 жыл Түркияның ірі қаласында террорлық актімен басталды. Салафиттер түнгі клубқа кіріп автоматтан жаппай оқ ата бастады. Олардың пікірінше, Жаңа жылды мерекелеу - бұл харам. Және мұндай пайымдау әлеуметтік желіде таралған", – деп жазды  Нұрат Илияс Facebook-те.

Ол Стамбұл университетінде "түркітану" мамандығы бойынша  докторантурада оқиды. Үш жылдан бері осы қалада тұрады.

 Стамбұл түнгі клубында оқ атқан лаңкестердің бірінің көзі жойылды, деп хабарлады Guardian. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу