"Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" қызметі eGov.kz-та қолжетімді

689

Оның нәтижесі №075-у нысанында берілген медициналық анықтама не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып саналады.  

"Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" қызметі eGov.kz-та қолжетімді Фото: Liter.kz

"Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту" қызметі eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасында қолжетімді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызметті келесі топтар қолдана алады:  

·     дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлері;

· қызмет көрсету саласының қызметкерлері, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмысшылары;

· қан қызметі ұйымдарының медицина қызметкерлері, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық профильдердің қызметкерлері;

·  мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың, балалар санаториялық-курорттық жыл бойғы сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің қызметкерлері, отбасы үлгісіндегі үйлердің қызметкерлері;

·      жолаушыларға қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері;

·       қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметкерлері;

·       жалпы білім беретін мектептерге, орта арнаулы және жоғары оқу орындарына оқуға түсуге үміткер студенттер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу