"Алдыңыздан жолбарыс шығып қалуы мүмкін": Балқаш тұрғындарына маңызды ескерту жасалды

1600

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті.

"Алдыңыздан жолбарыс шығып қалуы мүмкін": Балқаш тұрғындарына маңызды ескерту жасалды Фото: gov.kz

"Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары Балқаш жағалауында жолбарысты табиғи ортаға қайтару бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тұрғындар мен демалушыларға жабайы жануармен кездескен жағдайда сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандар өңір тұрғындарына жолбарысты табиғи ортаға қайтару бағдарламасының маңызы мен жануарлардың табиғи ортаға бейімделуі сондай-ақ оларды қорғау бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ жабайы жануарлармен кездескен жағдайда сақтық шараларын сақтау, оларға жақындамау және мазаламау қажеттігі түсіндірілді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың және адам мен жабайы табиғат арасындағы қауіпсіз қарым-қатынасты қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу