Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рекордық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Қазақстандық теннисші 23-тен 21-орынға көтерілді. Бұл – оның әлемдік рейтингідегі ең үздік нәтижесі.
Сондай-ақ Александр Шевченко 57-ден бірден 45-ке шықты.
Манама (Бахрейн) челленджер жарысының жеңімпазы атанған Михаил Кукушкин 231-ден 163-ке жоғарылап, еліміздің үшінші ракеткасы атанды.
Денис Евсеев 178-ден 179-ға, Бейбіт Жұқаев 189-дан 192-ге, Тимофей Скатов 276-дан 277-ге сырғыды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу