Александр Бублик Анталияда әлемнің оныншы ракеткасын ұтты

614

Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Анталия ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.  

Александр Бублик Анталияда әлемнің оныншы ракеткасын ұтты

Бублик ширек финалда әлемнің оныншы, осы доданың 1-ракеткасы, италиялық Маттео Берреттинимен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші бірінші партияда қарсыласынан тай-брейкте басым түсті – 7:6 (8:6). Екінші сетті де жеңіспен аяқтай білді – 6:4. Бәсеке 1 сағат 31 минутқа созылды. Александр матч барысында екі мәрте брейк жасаса, қарсыласы біреумен шектелді. Сондай-ақ Александр 11 рет эйс жасады.

Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 72-ракеткасы, франциялық Жереми Шардимен таласады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу