Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирін сәтті бастады

251

Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 65-орында тұрған, доданы іріктеу сайысынан бастаған чехиялық Томаш Махачпен өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирін сәтті бастады Фото: ktf.kz

Чехия өкілі матчты қарқынды бастады — 6:2.

Есесіне екінші сетте Бублик есе қайырды — 6:3.

Үшінші, шешуші партияда есеп 6:5 болып, матчқа доп бергенде, Бублик сол мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 7:6 (7:5).

Александр Бублик жүлде қоры 2,9 млн АҚШ долларына бағаланған турнирдің ширек финалына шығу үшін әлемнің 28-ракеткасы, нидерландтық Таллон Грикспормен жолығады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу