Александр Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

596

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Александр Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Жарыстың жетінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 51-орында тұрған финляндиялық Эмил Руусувуоримен кездесті. 

Бірінші партияда тай-брейкте Эмил Руусувуори басым түсті – 7:6 (7:4). 

Екіншісінде Бублик есе қайырды – 6:4. 

Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші 3:1 есебімен алға шықты. Александр Бубликматчты жеңіспен тәмамдады – 6:3. 

Екі сағат 14 минутқа созылған бәсекеде Бублик 13 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. 

А.Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, даниялық Хольгер Руне немесе рейтингте 61-сатыдағы франциялық Бенджамин Бонзидің біреуімен таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу