Александр Бублик Париж мастерс турнирін жеңіспен бастады

596

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Париж ATP 1000 теннис турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Александр Бублик Париж мастерс турнирін жеңіспен бастады

Александр Бублик алғашқы айналымда әлемнің 24-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванспен кездесті. Бірінші партияда қазақстандық теннисшінің ойыны жүрмеді десе де болады (2:6). Есесіне Александр Бублик екінші сетте қарқынын үдетіп, 7:5 есебіне қол жеткізді. Үшінші, шешуші партияда есеп 4:4 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасады. Әйтсе де матчқа доп бергенде, жиі қателесіп, қарсыласы таразы басын теңестірді. Дегенмен Александр Бублик екінші рет мачтқа доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жібермей, есепті 7:5-ке жеткізді. Тартысты өткен кездесу 2 сағат 15 минутқа созылды. Бәсеке барысында Александр Бублик 24 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 3 брейкке (12 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Осылайша Александр Бублик өз спорттық жолында алғаш рет Париж мастерс турнирінің екінші айналымына шықты.

Ол жүлде қоры 2,6 млн еуродан асатын жарыстың үшінші айналымына шығу үшін әлемнің сегізінші, осы доданың 6-ракеткасы норвегиялық Каспер Руудпен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу