Александр Бублик Штутгарт жарысының жартылай финалына жолдама алды

166

Спортшы жартылай финалға өтті. 

Александр Бублик Штутгарт жарысының жартылай финалына жолдама алды Фото: rbc.ru

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Штутгарт (Германия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик ширек финалда рейтингіде 93-орындағы франциялық Джованни Мпетчи Перрикарға тап келді.

Екі партия да тай-брейкпен аяқталды - 7:6 (7:5), 7:6 (7:3).

Сағат жарымға созылған кездесуде А.Бублик 11 эйспен көзге түсті. Франциялық спортшы эйс санын 19-ға жеткізді.

Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Тейлор Фриц немесе рейтингіде 78-сатыдағы италиялық Маттия Беллуччидің қай жеңгенімен таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу