Үздік үштікті түйіндеген Александр Герлиц пен өзге де отандастарымызды әуежайдан бір топ жанкүйер күтіп алды.
Еске сала кетейін, Қытай астанасына пара шаңғы мен пара биатлоннан 5 қазақстандық аттанған болатын.
Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы бір медальмен жалпы есепте 17-ші сатыға жайғасты. Қола жүлде үшін берілетін 75 мыңнан бөлек, Александр Герлиц 4 рет үздік бестікке кіргендіктен мемлекеттен тағы 40 мың доллар сыйақы алады. Сондай-ақ эстафетада 5-орыннан көрінген Ербол Хамитов 10 мың АҚШ долларына ие болмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу