Александр Лукашенко Астанаға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді

273

Алдағы саммитте Беларусь үшін басты мәселе – елді ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдау рәсімін аяқтау.

Александр Лукашенко Астанаға ШЫҰ саммитіне қатысу үшін келді Фото: Үкімет

Беларусь президенті Александр Лукашенко Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Саммит аясында Александр Лукашенко шетелдік әріптестерімен бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізеді деп күтілуде.

Алдағы саммитте Беларусь үшін басты мәселе – елді ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдау рәсімін аяқтау. Александр Лукашенко саммитте сөйлейтін сөзінде ұйым жұмысындағы ең маңызды салаларға және Беларусьтің ортақ мәселелерді шешуге қосқан үлесіне тоқталады деп жоспарлануда.

Беларусь ШЫҰ-ға 2010 жылдан бастап диалог бойынша серіктес, 2015 жылдан бастап бақылаушы ретінде қатысып келеді. Самарқандта 2022 жылғы 16 қыркүйектегі Мемлекет басшылары кеңесінің қорытындысы бойынша ұйымға кіру рәсімін бастау туралы шешімге қол қойылды. Осы процестің аясында Беларусь 40-тан астам шартқа қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу