Беларусь президенті Александр Лукашенко Астанаға жұмыс сапарымен келді. Мұны Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Лукашенко 28 қарашада жоспарланған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады. Отырысқа қатысатын ел делегациялары аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылайды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу