Александр Лукашенко "Хабар" агенттігіне сұхбат берді

958

Беларусь басшысының жеке басына қатысты да кейбір сұрақтар қойылды.  

Александр Лукашенко "Хабар" агенттігіне сұхбат берді

Беларусь Президенті Александр Лукашенко "Хабар" агенттігіне сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Хабар" агенттігі басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинмен әңгіме барысында Беларусь Президенті екі елдің бүгінгі қарым-қатынасы жөнінде жан-жақты айтты. Сондай-ақ, ол болашақта екі ел арасындағы қарым-қатынастың дами беретіндігіне, тауар айналымның өсетіндігін жеткізді.

Сұхбат барысында А. Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ туралы, оның географиясының кеңеюі тақырыбына бөлек тоқталды. Президент екі ел арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырудағы негізгі кезеңдерге тоқталып, өз түсінігіндегі "тәуелсіздік" сөзінің негізгі мағынасын, мәнін түсіндірді.

"Жаңа Президент басқару кезеңінде де екі ел арасындағы қарым-қатынас жалғасын табады. Сіз білесіз бе, оның саясаты – Беларусь пен Қазақстан арасындағы жалғасын тауып жатқан процестер негізінде ғана емес, жалпы экономикалық одақтың дамуы негізінде белгіленген. Біз осы бағытты ұстанатын боламыз", – деді Александр Лукашенко.

Сұхбат барысындағы Президентке жолданған сауалдардың басым бөлігі Беларусь пен Қазақстан елдерінің қарым-қатынастарының дамуына, Еуразиялық экономикалық одақ форматының өзара әрекеттесуінің проблемалары сынды түрлі аспектілерге қатысты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу