Александр Лукашенко Қазақстанның Минскідегі елшісін қабылдады

859

Қазақстан Республикасының Минскідегі елшісі Асқар Бейсенбаевты Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко қабылдады, деп хабарлады inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Александр Лукашенко Қазақстанның Минскідегі елшісін қабылдады

Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Беларусь Президенті Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастарының даму деңгейіне жоғары баға беріп, олардың одан әрі жан-жақты дамуына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

"Беларусь пен Қазақстан соңғы жылдары қарым-қатынастарды дамытуда және интеграция тұрғысынан, әсіресе ЕАЭО аясындағы, екі жақты қатынастарда, саудада және кооперацияда өте көп жетістіктерге қол жеткізді. Әрине, бұл көлемді кеңейту үшін неғұрлым терең кооперация болғанын қалар едік. Біз өндірісті көбірек жүктеуге, құрастыру өндірісін құруға, барларын жүктеуге дайынбыз. Бір сөзбен айтқанда, үкіметтерімізге жұмыс жетерлік", - деп атап өтті А.Лукашенко.

Оның айтуынша, екіжақты өзара іс-қимылға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Беларусь Республикасына сапары жаңа серпін береді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу