Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті

833

Олар Астанада мамыр айында өтетін ЕАЭО-ның мерейлі саммитінде кездесуге келісті.

Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті

Белорусь мемлекетінің басшысы Александр Лукашенко мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті. Олар Астанада мамыр айында өтетін ЕАЭО-ның мерейлі саммитінде кездесуге келісті, деп хабарлайды Белорусь президентінің баспасөз қызметі.

Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев мамыр айында Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың мерейтойлық саммиті кезінде Қазақстан көшбасшысының Қазақстан билігінің құрылымында күшті әрі ықпалды орган – Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болып қала беретіндігі ескеріле отырып, қарым-қатынастың одан арғы перспективасын талқылау үшін міндетті түрде кездесуге келісті. Бұл орган сондай-ақ ішкі және сыртқы саясаттың бірқатар мәселелерін қадағалайды және кадрлық шешімдер қабылдауға қатысады", – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев елдің алғашқы президенті ретінде Конституция бойынша "Елбасы" мәртебесіне ие. Александр Лукашенконың айтуынша қазіргі Қазақстанды Назарбаев құрған, сондықтан бұл мәртебеге әбден лайық.

А.Лукашенко Н. Назарбаевпен ұзақ жылдар бойы достық және іскери қарым-қатынас байланыстыратынын атап өтті. Мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықты дамытуға және көпжақты форматтағы маңызды шешімдерді әзірлеуге бірге қатысып, кең ауқымды саммиттерде және халықаралық форумдарда бас қосқандығын тілге тиек етті.

"Әңгіме өте жылы өрбіді", – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу