Александр Лукашенко ресми сапармен келді

976

Қазақстан мен Беларусьтің алыс-беріс көлемі жыл басынан бері 500 млрд долларға жуықтаған.  

Александр Лукашенко ресми сапармен келді

Беларусь Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды  "Хабар 24.

Александр Лукашенконың осыған дейін елімізде өткен түрлі саммиттерге қатысқаны белгілі. Бірақ сапарлап, ресми келмегелі алты жыл өтіпті.

Мәртебелі мейман бүгін Елордада Отан қорғаушылар монументіне барып, батырларға тағзым көрсетіп, гүл қойды. Ал ертең Беларусь басшысы Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Екі жақ шағын және кең құрамдағы келіссөздер өткізеді, деп жоспарланған.

Айта кетейік, өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы бір жарым процнетке өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу