Александр Недовесов Аустралиядағы жарыстың финалына шыға алмады

257

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Недовесов Аделаиде (Аустралия) ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Александр Недовесов Аустралиядағы жарыстың финалына шыға алмады Фото: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда жарыстың 2-ракеткалары, үндістандық Рохан Бопанна – аустралиялық Мэттью Эбденмен кортта кездесті.

Үндістандық-аустралиялық жұп екі сетте де 6:4 есебімен басым түсті. 

1 сағат 11 минутқа созылған бәсеке барысында А.Недовесов – Г.Эскобар 3 эйс қана жасай алды. Қарсыластарына 3 эйс, 2 брейк (3 брейк-пойнт) жеткілікті болды. 

Айта кетсек, Александр Недовесов алдағы аптада басталатын Аустралия ашық чемпионатына қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу