Александр Недовесов Австриядағы жарыстың жартылай финалына шықты

446

Ол эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге өнер көрсетті.   

Александр Недовесов Австриядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Кицбюэль, Аустрия ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Доданың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда монаколық Ромен Арнеодо – аустриялық Сэм Вайссборнмен кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:3 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте де олар 2:0 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:2.

Сосын матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу