Александр Недовесов Forte Challenger 100 турнирінің іріктеу финалына шықты

884

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Forte Challenger 100 турнирінің жекелей сынның іріктеуінің финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.   

Александр Недовесов Forte Challenger 100 турнирінің іріктеу финалына шықты

Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Іріктеу сындарының бірінші айналымындағы ойынында жерлесіміз ресейлік Савриан Даниловтан екі сетте ұтты – 6:4, 6:4. 1 сағат 33 минутқа созылған кездесу барысында Недовесов үш рет эйс жасап, до беру барысында бір қателік жіберді, үш брейк-пойнтты жүзеге асырды. Негізгі кезеңге шығу үшін Александр Недовесов өзбекстандық Сергей Фомин мен украиндық Владислав Манафов арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

"Біріншіден, мен үйге оралып, көптеген матчтарда табысқа жеткен кортта  ойнағаныма өте қуаныштымын. Бүгінгі ойын оңай болған жоқ, қарсылас соңына дейін берілген жоқ. Әйтседе мен жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Ойын  сапасына ұшақтағы ұзақ уақыт әсер етті, кеше түнде ғана елге оралдым, ұйқым нашар болды, сондықтан ойын сапасынан күткен әсерім көңілге қонымсыз еді. Бірақ мен кез келген жағдайда алдыма максималды міндет қоямын, жеңіске жетуге болатынын және ол маған оғай тимейтінін жақсы түсіндім. Матчты екі сетпен аяқтағаныма қуаныштымын. Пандемия жағдайында ойындар бос алаңда, жанкүйерсіз өтетіні өкінішті, бірақ қазіргі талап осындай, теннис жанышырлары турнирді үйде теледидардан көріп, бізге қолдау көрсетеді деп үміттенемін", - деді Александр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу