Александр Недовесов Португалиядағы турнирдің ширек финалына өтті

162

Александр Недовесов – Гонсало Эскобардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Александр Недовесов Португалиядағы турнирдің ширек финалына өтті Фото: ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Недовесов Эшторил (Португалия) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар алғашқы айналымнан оңай өтті.

Қазақстандық-эквадорлық дуэт бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде аргентиналық Педро Качин – испаниялық Педро Мартинезді 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Александр Недовесов – Гонсало Эскобардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу