Александр Недовесов Швециядағы турнирдің финалына өтті

348

Қазақстандық теннисші эквадорлық спортшымен жұптық өнер көрсетті.

Александр Недовесов Швециядағы турнирдің финалына өтті Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда жарыстың 4-ракеткалары, италиялықтар Симоне Болелли – Андреа Вавассоримен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті. 

Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матоспен бас жүлдені сарапқа салады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу