Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге ширек финалда испаниялық Пабло Андухар және швейцариялық, кезінде жекелей сында үш мәрте "Үлкен дулыға" жарысының жеңімпазы атанған Станислас Вавринкамен кездесті.
Александр мен Айсам бірінші партияда қарсыластарын бет қаратпай ұтты – 6:1. Екінші сет тағдыры тай-брейкте шешіліп, қазақстандық-пәкстандық жұп жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:1).
Жартылай финалда Недовесов пен Куреши чехиялық Роман Жебавы – аустриялық Филипп Освальд жұбымен күш сынасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу